Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Ұлттық банк: Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді

​Ұлттық банк: Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді

Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Ол инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосып отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы жоғарылап кеткенімен және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4%-ды құраған.

Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2%-ды, ақылы қызметтер инфляциясы 12,3%-ды құрады.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, 2025 жылғы қазан-қараша айларында жылдық инфляцияның баяулауы Үкіметтің әкімшілік шаралары нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) тарифтерінің төмендегенімен байланысты болды. 

Сонымен қатар ТКҚ тарифтерінің көтерілуі мен ЖЖМ нарығын ырықтандырудың жанама әсерлері инфляцияға және инфляциялық көңіл-күйге айтарлықтай әсер етуде. 

«Сондай-ақ тұрақты ішкі сұраныс, жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру және инфляциялық көңіл күйдің артуы бағаның өсуіне әсер етіп отыр», – деп толықтырды Тимур Сүлейменов.

Ұқсас материалдар