Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуы мүмкін

Ұлттық банк мамыр айында Ұлттық қордан 1 млрд доллар сатуы мүмкін

Сәуір айында Ұлттық қордан ішкі нарыққа 968 млн доллар сатылған. Бұл туралы Ұлттық банктің валюта нарығы туралы кезекті ақпаратында айтылған.

 – Сәуір айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512,48 теңгеге дейін (1,6%-ға) әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 243 млн доллардан 246 млн долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,4 млрд доллар болды. Сәуірде Ұлттық қордан 968 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 18%-ы, – деп жазады Ұлттық банктің ресми сайты.

Басқаша айтсақ, өткен айда күн сайын Ұлттық қордан шамамен 44 млн доллар сатылып отырған.

«Республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сүйенсек, мамырда Ұлттық банк Ұлттық қордан 950 млн доллардан 1050 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды. Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенция жүргізген жоқ», делінген ресми мәліметте.

Ұқсас материалдар