Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Ұлттық қор – балаларға»: 7 млн баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

«Ұлттық қор – балаларға»: 7 млн баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында «Ұлттық қор – балаларға» жобасының нәтижелері туралы айтты.

Оның мәліметінше, жоба аясында 18 жасқа толмаған 7 миллионға жуық баланың есепшотына 2,5 млрд доллардан астам қаржы аударылған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асқанын атап өтіп, ел дамуы үшін адам капиталының сапасы ерекше маңызды екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайтып, азаматтарды қолдауға басымдық беріп келеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік бюджеттің 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға бағытталған. Ал адам капиталын дамытуға арналған инвестициялар көлемі жыл сайын шамамен 1 трлн теңгеге артып отыр.

Президент ана мен баланы қолдау бағытындағы саясатқа да тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда ата-аналарға түрлі жәрдемақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ ата-аналарға жұмыс орнын сақтай отырып, үш жылға дейін бала күтімі бойынша демалыс алу мүмкіндігі беріледі.

Ұлттық қор – балаларға жобасы бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі жыл сайын балалардың жеке есепшоттарына аударылып, олар 18 жасқа толған кезде бұл қаражатты білім алу немесе тұрғын үй сатып алу мақсатында пайдалана алады.

Ұқсас материалдар