Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық қор жарты жылда 4,7 млрд доллар табыс тапты

Ұлттық қор жарты жылда 4,7 млрд доллар табыс тапты
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлттық қордың валюталық активтері өсіп, инвестициялық кіріс 4,7 млрд долларды құрады.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, маусым айының соңында Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі 60,3 млрд долларды құраған. Бұл сомаға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы қаражат есепке алынбаған.
– Жыл басынан бері портфельдің жалпы көлемі 1,5 млрд долларға ұлғайды, – деді Әлия Молдабекова.

Ұлттық банк мәліметіне сәйкес, алдын ала дерек бойынша, қорға 7,8% шамасында инвестициялық кіріс түсіп, бұл 4,7 млрд долларға тең болды.

Сондай-ақ, 2025 жылдың алғашқы алты айында республикалық бюджетке 3,12 трлн теңге көлемінде тікелей трансферт бөлінген. Ал мұнай түсімдері арқылы қорға 1,8 трлн теңге түскен. 

Ұқсас материалдар