Қазақстан Ұлттық Банкі ізденушілер арасында конкурстық іріктеу басталатынын хабарлады.
Зерттеу гранттарынан үмітті ізденушілерді конкурстық іріктеу екі тақырып бойынша өтеді.
- Өндірістік құралдар нарығы: кедергілер мен дамыту бойынша шаралар.
- Цифрлық қаржы экожүйелері: халықаралық тәжірибеге сай қажетті реттеушілік өзгерістер.
Конкурсқа жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметін жүзеге асыратын ізденушілер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Соңғылары таратылу немесе банкроттық процесінде болмауы тиіс.
Грант шарттары Ұлттық Банктің сайтында Ұлттық Банктің зерттеу гранттары» бөлімінде ұсынылған.
Ізденуші тараптың өтінімдері Қазақстан Ұлттық Банкінің digital.nationalbank.kz порталында
электронды түрде, ЭЦҚ көмегімен берілуі тиіс.
Өтінімдер 31 мамыр - 14 шілде аралығында қабылданады.