
Deutsche Lufthansa әуе компаниясы 2030 жылға дейін шамамен 4 мың қызметкерді қысқартуды көздеп отыр.
Бұл шешім операциялық тиімділікті арттыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу аясында қабылданған.
Компанияның хабарлауынша, қысқарту негізінен Германиядағы әкімшілік бөлімдердің қызметкерлеріне қатысты болмақ.
Lufthansa тобына кіретін SWISS, Austrian Airlines, Brussels Airlines және ITA Airways компанияларындағы қызметтер мен құрылымдарды оңтайландыру, қайталанатын функцияларды жою арқылы интеграцияны күшейту көзделген.
Қаржылық мәліметтер:
- Қайта құрылымдау жұмыстары 400 млн еуро көлемінде бір реттік шығын әкелуі мүмкін.
- Ал болжам бойынша бұл өзгерістер компанияның жыл сайынғы пайдасын (EBIT) шамамен 300 млн еуроға арттыруы мүмкін.
Сонымен қатар, дүйсенбі күнгі сауда барысында Lufthansa акциялары 1,9% өсіп, соңғы үш айда компанияның нарықтық құны 10%-ға өсіп, 9,3 млрд еуроға жеткен.