
Ұлытау ауданы прокуратурасы пайдаланылмай бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін анықтап, мемлекетке қайтару жұмыстарын жалғастыруда.
Тексеру барысында бірқатар жер пайдаланушылардың Жер кодексі талаптарын бұзып, ұзақ уақыт бойы жерді нысаналы мақсатына сай қолданбағаны белгілі болды.
Салдарынан жалпы кадастрлық құны 147 миллион теңгеден асатын, аумағы 90 мың гектарды құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне өткізілді.
Жергілікті атқарушы орган Президенттің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес қайтарылған жерлерді ауылдық жерде тұратын, жерді игеруге ниетті азаматтарға беруді жоспарлап отыр.