Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова «Ұмай» ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты.
Биыл біз Азия даму банкімен келісімге қол қойдық. Аталған банктің директорлар кеңесінде бағдарламаның шартын бекітеді. Біз бастапқы жарнаның 20% деңгейінде өзгеріссіз қалғанын қалаймыз. Тұрғындар бастапқы және қайталама нарықтан үй сатып ала алады. Сыйақы мөлшерлемесі Азия даму банкінің ішкі қор нарығына теңгені тартуына байланысты қалыптасады. Біз халық үшін тартатын ресурстардың әрқашан теңгеге негізделгенін қалаймыз, – деді Ләззат Ибрагимова.
Сондай-ақ, ол «Ұмайдың» қашан іске қосылатынын жеткізді.
Менің ойымша, 2025 жылдың екінші жартысында бағдарламаны бастаймыз. Алайда жоспарда жұмысты ертерек бастау болған. Біз осы несие бойынша мөлшерлеменің ең төмен болуын көздейміз. Сондықтан ыңғайлы сәтті күтіп, ыңғайлы мөлшерлемені таңдауға тырысамыз, – деді басшы.