Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Маск Трамп туралы айтқан сөздері үшін кешірім сұрады

Маск Трамп туралы айтқан сөздері үшін кешірім сұрады

Илон Маск Дональд Трамп туралы соңғы айтқан сөздері үшін кешірім сұрады. Ол өз посттарының кей жері тым асыра сілтелгенін мойындады, деп хабарлайды 1news.az.

Маск бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Өткен аптада Дональд Трамп туралы айтқан кей посттарым үшін кешірім сұраймын. Олар тым асыра сілтеп жіберіппін», – деп жазды ол.

Бұл – Масктың Трамппен болған жанжалдан кейін алғаш рет ашық кешірім сұрауы.

Жанжал 3 маусымда басталған. Маск Трамптың салық туралы заң жобасын «жиіркенішті» деп атап, оны қолдағандарды сынға алған. Оның пікірінше, бұл заң бюджеттің үлкен тапшылығын 2,5 триллион долларға дейін арттырады.

Сонымен қатар, Маск Трамптың атына қатысты Джэффри Эпштейннің құжаттарында бар деген ақпаратты жариялады. Кейін бұл постын өшіріп тастады.

Ұқсас материалдар