Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алматыға алғаш рет Илон Масктің анасы Мэй Маск келеді

Алматыға алғаш рет Илон Масктің анасы Мэй Маск  келеді

Модель, диетолог және визионер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Масктің анасы Мэй Маск 17 қазанда Алматыда өтетін Ортаазиялық «BeWoman» әйелдер форумына қатысады. Бұл туралы форумның баспасөз қызметі хабарлады.  

Мэй Маск сұхбат форматындағы 45-минуттық сессиясында денсаулық, тамақтану, қартаю, гендерлік теңдік, баланы жалғыз тәрбиелеу, қиындықты жеңе білу және өзіне деген сенімділікке қол жеткізу сияқты өз басынан өткен барлық  жағдайларға қатысты кәсіби бақылаулары мен жеке байқағандарымен бөліседі.

Естеріңізге сала кетейік, Ортаазиялық «BeWoman» әйелдер форумы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 17 қазанда Республика сарайында өтеді. Талқылау форумы бағдарламасы 10 елден келген 50-ден астам спикерлерден, 6 панельді сессия және 6 воркшоптан тұрады. Спикерлер қатарында қазақстандық қатысушылармен бірге табысқа қол жеткізген әйелдер, сондай-ақ әлемге әйгілі тауаша сарапшыларының аты аталады: Ортаазиялық «Be Woman» әйелдер форумының, «Alto» және «Senior Club» нетворкинг клубтарының негізін қалаушы Жанна Кан 60+, психотерапевт, бестселлерлер авторы, балалар күйзелісі мен жаралануы арасындағы байланысты зерттеуші  Габор Матэ; «Women in Tech» қозғалысының негізін қалаушы  Аюми Мур Аоки, Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушылардың бірі және бас директоры Татьяна Бакальчук; РФ халық әртісі, қайырымдылық қорының негізін қалаушы, кәсіпкер Анита Цой, журналист және публицист Алена Долецкая, журналист Ксения Собчак, Өзбекстанның белгілі кәсіпкері Гульчехра-бегим Махмудова, Өзбекстанның мемлекеттік және қоғамдық қайраткері Танзила Нарбаева, қоғамдық қайраткер, Бішкек қаласының әлеуметтік даму мәселелері бойынша бұрынғы вице-мэрі Айжан Чыныбаева, Қырғызстанның омбудсмені Жамиля Жаманбаева және тағы басқалар.

Шараға Қазақстан мен Орталық Азия елдерінен 2700-ден астам қатысушылар келеді.

 

 

Ұқсас материалдар