
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын жаңғырту кезіндегі бюджет қаражатын ұтымсыз жұмсау тоқтатылды.
Аудит жүргізу барысында мынадай бұзушылықтар анықталды: 2023-2024 жылдары сенім білдірілген агенттің шығындары шеңберінде бюджет қаражатынан талдамалық көрсетілетін қызметтерге ақы төленген. Ал бұл Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен «Қазақстандық тұрғы үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның тікелей функционалы.
Мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болмақ.