Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғайды

Мемлекеттік бюджеттің кірісі ұлғайды

Жедел деректерге сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында мемлекеттік бюджеттің кірісі 113,8% орындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жоспар бойынша 6,7 трлн теңге көзделіп, іс жүзінде 7,6 трлн теңге түсті. Жоспар 925 млрд теңгеге артық орындалды. Былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 1,4 трлн теңгеге немесе 21,7% артты», делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.

Оның ішінде:

– республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 102,3% орындалды немесе жоспар бойынша 4,3 трлн теңге болжанып, іс жүзінде 4,4 трлн теңге түсті. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда өсім қарқыны 128,2% немесе абсолютті мәнде 971,3 млрд теңгеге ұлғайды.

– жергілікті бюджеттердің кірістері 134,5% орындалды немесе жоспар бойынша 2,4 трлн теңге болжанып, іс жүзінде 3,2 трлн теңге түсті. Өсім 2024 жылдағы кезеңмен салыстырғанда 113,7% немесе 387,2 млрд теңгеге артық орындалды.

– Аталған кезеңде қабылданған салық және кедендік әкімшілендіру мен оларды цифрландыру жұмыстары арқылы қосымша 300 млрд теңге түсті, – делінген хабарламада. 

Ұқсас материалдар