Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік қолдауға бөлінген триллиондар енді онлайн бақыланады

Мемлекеттік қолдауға бөлінген триллиондар енді онлайн бақыланады

Қазақстанда соңғы 10 жылда түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламаларына бөлінген 9,94 трлн теңгенің қайда және қалай жұмсалғаны енді Baqylauda атты жаңа цифрлы жүйе арқылы бақыланады.

Жобаны Қаржы министрлігі Qoldau.kz платформасында іске асыруда. Жүйе арқылы:

  • Субсидиялар, жеңілдіктер, гранттар және басқа да қолдау түрлерінің тиімділігі мен алушыларға әсері талданады;

  • Салық, жұмыс орны, өнімділік секілді көрсеткіштер бойынша қолдаудың қайтарымы бағаланады;

  • Күмәнді кәсіпорындарды автоматты түрде анықтайтын 4 «стоп-фактор» қолданылады.

Baqylauda жүйесі қолдау алушыларды әділ іріктеуге, қаржыны ашық әрі тиімді басқаруға жол ашады. Жоба ҚР Президентінің «Экономиканы ырықтандыру» туралы жарлығы аясында жүзеге асып жатыр.

Ұқсас материалдар