Жаңалықтар
METRO Қазақстаннан кетеді: дүкендері 2027 жылғы наурыздың соңына дейін жабылады
Шешім компанияның Қазақстандағы бизнесінің ұзақ мерзімді перспективаларын бағалау қорытындысы бойынша қабылданған. Компанияның түсіндіруінше, жергілікті команда клиенттерге арналған ұсыныстарды жақсартып, көтерме сауда үлгісін Қазақстан нарығына бейімдеуге күш салғанымен, тұрақты өсімге берік негіз қалыптастыру мүмкін болмаған.
Соңғы жылдары METRO Қазақстан қонақүйлерге, мейрамханаларға, қоғамдық тамақтану орындарына және бөлшек сауда кәсіпкерлеріне қызмет көрсетуге басымдық беріп, жеткізу қызметін кеңейткен. Алайда бұл шаралар бизнесті дамытудағы, соның ішінде клиенттердің бір-бірінен географиялық тұрғыдан алшақ орналасуына байланысты қиындықтарды еңсеруге жеткіліксіз болған.
Компанияның қызметін тоқтатуы 650 қызметкерге әсер етеді. METRO өтпелі кезеңде еңбек заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қызметкерлеріне қолдау көрсететінін және клиенттер мен іскерлік серіктестерінің мүдделерін ескеретінін мәлімдеді. Әр дүкеннің нақты жабылу күні әзірге жарияланған жоқ.
METRO Қазақстан нарығында 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Желінің дүкендері Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Өскемен қалаларында орналасқан. Компания қонақүйлерге, мейрамханаларға, шағын дүкендерге және басқа да кәсіпорындарға азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын тауарларды жеткізіп келген.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





