Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Microsoft тағы жүздеген қызметкерін қысқартты

Microsoft тағы жүздеген қызметкерін қысқартты

Microsoft корпорациясы соңғы бірнеше жылдағы ең ауқымды қысқартулардан кейін бірнеше апта ішінде тағы 300-ден астам қызметкерін жұмыстан босатты.

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Компания өкілі бұл соңғы қысқартулар мамыр айында жарияланған 6 мың жұмыс орнын қысқартудың жалғасы екенін айтты.

«Біз компанияның серпінді нарықта табысқа жетуіне барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұйымдық өзгерістер енгізуді жалғастырып жатырмыз», – деді Microsoft өкілі.

Bloomberg мәліметінше, жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы бум технологиялық еңбек нарығына айтарлықтай әсер етті – компаниялар ЖИ-мен байланысты жұмыс орындарына басымдық беріп, шығындарды азайту үшін осы технологияны қолдануда.

Microsoft жасанды интеллектке негізделген код жазу құралдарының тиімділігіне үлкен мән беріп, бағдарламалық жасақтама жасауды жылдамдатуға бет бұрған жетекші компаниялардың бірі саналады. Бұған дейінгі қысқартулар ең алдымен бағдарламашы-инженерлерге әсер еткен.

2024 жылдың маусымындағы жағдай бойынша, Microsoft құрамында шамамен 228 мың тұрақты қызметкер жұмыс істеген, олардың 55%-ы АҚШ-та орналасқан.

Ұқсас материалдар