Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Михаил Ломтадзе Kaspi.kz ШОБ-тың дамуына қалай әсер ететінін айтты

Михаил Ломтадзе Kaspi.kz ШОБ-тың дамуына қалай әсер ететінін айтты

Алматыда өтіп жатқан Kursiv Ecosistems Forum-да Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе Kaspi.kz Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына қалай әсер етуде, деген сұраққа жауап берді. 

 «Біз істеп жатқан барлық нәрсе, мүмкіндіктер мен технологиялар болмаса не болатынын елестетіп көріңізші», - деп жауап берді Михаил Ломтадзе жүргізушінің сұрағына, - Бұл үлкен инвестиция. Қызметтерді әзірлеу, дизайн және қолдау бізге жылына шамамен 200 миллион долларға түседі. Біз серіктестерге осындай қызметтерді әзірлеп, ұсынамыз. Біздің маркетплейсіміз болмағанын елестетіп көріңізші. Онда бұл жерде тек шетелдік алаңдар мен шетелдік сатушылар ғана дамып, біздің ШОБ олармен бәсекеге түсе алмас еді.

Әрине, жақсартуға әрқашан мүмкіндік бар. Біз тұтынушылар тәжірибесін үнемі жетілдіреміз, жеткізуді дамытамыз, бізде өсуге мүмкіндік бар. Осының арқасында серіктестеріміз бүкіл ел бойынша сауда жасай алады, біздің барлық ұсыныстарымызды пайдалана алады - кассадан бастап салықтарды, кредитті төлеуге дейін, біз жақында бизнес үшін депозитті іске қостық. Біз үнемі технологияға инвестиция саламыз. Сондықтан жауап: егер біз ол жерде болмасақ, нарықта жергілікті бизнес емес, шетелдік алаңдар мен сатушылар болар еді».

 

Ұқсас материалдар