Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

МӘМС жүйесі жаңғыртылады: бақылау күшейеді

МӘМС жүйесі жаңғыртылады: бақылау күшейеді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде ауқымды өзгерістер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, МӘМС жүйесі енді Денсаулық сақтау министрлігінен Қаржы министрлігінің басқаруына өтіп, басты назар қаржының ашықтығы мен тиімді жұмсалуына аударылып отыр.

Вице-министрдің сөзінше, бұрын көпдеңгейлі болған жүйе оңтайландырылып, артық буындар қысқартылады. Сонымен қатар барлық процестер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшірілуде.

Осы мақсатта Qalqan жобасы іске қосылған. Жоба бірнеше бөлек жүйені біріктіріп, қазіргі таңда оған 1,6 мың қолданушы қосылған.

Жаңа тәсілге сәйкес, шешімдер енді орталықтандырылған цифрлық жүйе арқылы автоматты түрде қабылданады. Бұл қаржының тиімсіз жұмсалуына және заңбұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.

Вице-министрдің айтуынша, енгізіліп жатқан өзгерістер әрбір азаматтың МӘМС жүйесіне аударған қаражатының әділ әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Ұқсас материалдар