Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мұнай өңдеу көлемі жылына 39 млн тоннаға жеткізіледі

Мұнай өңдеу көлемі жылына 39 млн тоннаға жеткізіледі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, мұнай өңдеу саласында жаңа даму кезеңі басталды.

Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы жылына 12 млн тонна қосымша мұнай өндіруге мүмкіндік беріп, экспорттық түсімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Министр мұнай өңдеу көлемін қазіргі 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін жеткізуді, сондай-ақ Шымкент, Атырау және Павлодар зауыттарын кеңейту және жаңа зауыт салу жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, өндірісте К5+ стандарттарына көшу, озық технологияларды енгізу және мұнай-химия саласымен интеграция арқылы қосылған құны жоғары өнім өндіру көзделген.

Ұқсас материалдар