Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады

Мұратхан Тоқмәди шартты түрде бостандыққа шығады
Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін 10,5 жылға сотталған Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын босатылады. Бұл туралы БАҚ таратқан ақпаратты Алматы облысы сотының баспасөз қызметі растады.

"Қонаев қаласы сотының 2024 жылы 26 шілдедегі қаулысымен М. Тоқмәдидің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды", - делінген сот хабарламасында.  

Мұратхан Тоқмәди 2017 жылы маусым айында қамауға алынып, бопсалау және қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүргені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

2018 жылдың наурызында сотта Мұхтар Әблязовтың тапсырысымен "Тұран Әлем Банкінің" басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, 10,6 жылға сотталды. 

Айта кетейік, 38 жастағы банкир Ержан Тәтішев 2004 жылы 19 желтоқсанда аңшылық кезінде қаза тапты. Сол кезде кездейсоқ оқиға деп бағаланғанымен, 2017 жылы арнайы тапсырыс деп бағаланды. Алайда 2022 жылдың наурыз айында Мұратқан Тоқмәди ҚР Президентінің атына ашықхат жазып, өзіне күшпен мойындатқанын мәлімдеді. 

Ұқсас материалдар