Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Мәсімовтің қызы сотта бұрынғы күйеуінен жеңілді

Мәсімовтің қызы сотта бұрынғы күйеуінен жеңілді

Мәсімовтің қызы сотта бұрынғы күйеуінен жеңілді. Олар Мәскеуде мүлік бөлісу үшін сотқа жүгінген болатын. 

9 маусымда сот екі жыл бойы қаралған істі аяқтады. Талапты қанағаттандырудан бас тартты. Іс жайлы мәлімет жоқ, себебі мәскеулік сот құжаттарын біздің сот жүйесі сияқты жария түрде көрсетпейді.

Еске салар болсақ, Ресей сотында ҚР ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрім мен оның бұрынғы күйеуі Азамат Кәпеновтің арасындағы мүлік бөлісу ісі қаралды. Дау болып отырған дүние-мүліктің ішінде элиталық жылжымайтын мүліктер мен құнды автокөліктер бар.

Бұған дейін тараптар балалардың қамқорлығы жайындағы мәселені шешкен болатын. 2022 жылдың желтоқсанындағы Біріккен Араб Әмірліктері сотының шешіміне сәйкес, балалар айдың тең жартысында анасымен, қалған жартысында әкесімен тұрып жатыр.

Азамат Кәпенов – Қырғызстанның тумасы, Ресей азаматы. «Выход к морю» Telegram-арнасының мәліметі бойынша, ол Рублевкада, Серебряный борда және Мәскеуде элиталық жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Дәулетінің жалпы көлемі шамамен 10 млрд теңге болуы мүмкін. Сонымен қатар, активтер қатарында 190 мың еуро тұратын Porsche Taycan Turbo S сияқты люкс автокөліктер де бар. Ол сонымен қатар қылмыстық тергеуге де іліккен.

Ұқсас материалдар