Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

MyArmy.kz: Қазақстанда әскерге онлайн өтініш беру мүмкіндігі пайда болды

MyArmy.kz: Қазақстанда әскерге онлайн өтініш беру мүмкіндігі пайда болды

Қазақстан Қорғаныс министрлігі азаматтар мен әскери құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету үшін MyArmy.kz бірыңғай интернет-порталын іске қосты.

Жаңа цифрлық алаң арқылы енді әскерге бару үшін өтініш беру, ақпарат алу және кері байланыс жасау онлайн форматта қолжетімді.

Портал мерзімді немесе келісімшарт бойынша қызметке өтініш беруді, шақыру комиссияларының жұмысын ашық етуді және тіркеу рәсімдерін жеңілдетуді мақсат етеді.

Өтініш беру үдерісі үш кезеңнен тұрады:

  1. Жасалған – өтінім қабылданды, тексеріс басталды

  2. Өңделуде – медициналық комиссиядан өту қажет

  3. Қабылданды/қабылданбады – соңғы шешім қабылданды

MyArmy.kz порталы SARBAZ+ пилоттық жобасы аясында іске қосылып, алғашқы кезеңде Алматы облысында сынақтан өтуде. Сәтті сынақ нәтижесінде жүйе еліміздің басқа өңірлеріне де енгізіледі.

Жоба аясында болашақ әскерилер әскери бөлімді өздері таңдай алады. Сонымен қатар, әскерден кейін азаматтық салада әскери дағдыларды қолдануға да мүмкіндік қарастырылған.

Ұқсас материалдар