
АҚШ-тың көлік министрі әрі NASA-ның уақытша басшысы Шон Даффи осы аптада Айда қуаттылығы 100 кВт болатын ядролық реактор орнату жобасын жеделдету бастамасын жарияламақ, деп хабарлайды Politico.
Агенттік өнеркәсіптік компаниялардан 2030 жылға қарай реакторды іске қосуға қатысты ұсыныстар қабылдамақ.
Сонымен қатар, Даффи Халықаралық ғарыш станциясын алмастыратын жаңа орбиталық станция құруды да жеделдетуді тапсырды. NASA 2030 жылға дейін жаңа станцияны орбитаға шығаруды көздеп отыр. Егер бұл мерзім орындалмаса, тұрақты басқарылатын орбиталық станцияға Қытай ғана ие болуы мүмкін.
Axiom Space, Vast және Blue Origin сияқты компаниялар өз жобаларын ұсынып үлгерді. Алайда, конгресс өкілдері агенттіктің бұл жобаларға қаржы бөлуді баяу жүргізіп жатқанын сынға алды.