NASA төрт астронавты бар Orion ғарыш кемесін Space Launch System арқылы Айға ұшырды.
Ұшырылым Джон Кеннеди атындағы ғарыш орталығы алаңынан жүзеге асырылды.
Экипаж құрамында Рид Вайзман, Кристина Кох, Виктор Гловер және Джереми Хансен бар. Олар Айды айналып өтіп, шамамен 10 күннен кейін Жерге оралады.
Бұл миссия Artemis бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ол – соңғы 50 жылдан астам уақыттағы Айға адам қатысқан алғашқы ұшу болмақ.





