Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Наурыз» бағдарламасы бойынша несие мақұлдау мерзімін ұзарды

«Наурыз» бағдарламасы бойынша несие мақұлдау мерзімін ұзарды

«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігін растаған. 

Бірақ әлі баспана таңдап үлгермеген азаматтар үшін жақсы жаңалық бар. Отбасы банкінің хабарлауынша, енді мұндай қатысушыларға берілген несие мақұлдауының мерзімі 2025 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Аталған бағдарламалар бойынша өтінімдер 2025 жылдың наурыз айында қабылданған болатын. Сол кезде қатысушыларға баспана таңдау үшін 6 ай уақыт берілген еді. Енді бұл мерзімге қосымша үш ай қосылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында бұл екі бағдарлама бойынша қарыз рәсімдеу процесі қаржыландыру тапшылығына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Алайда, 13 тамыздан бастап бағдарлама қайта іске қосылды.

Ұқсас материалдар