2025 жылдан бастап «Наурыз» бағдарламасына қатысудың талабы қатаңдатылуы мүмкін.
«Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың депозитінде жатуға тиіс минималды соманың көлемін 1 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынды.
«Келесі жылы «Наурыз» бағдарламасына 300 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бағдарламаға қолдау жасау арқылы екі мәселе анықталды. Біріншіден, көптеген сатып алушылар тұрғын үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарының шығындары көбейіп кетеді. Сондықтан барлық тұрғын құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткіздік. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды. Ал сатып алушылар порталдағы пәтер құнының 10 пайызын салу арқылы алуға келісім береді. Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі», – деді ол.
«Отбасы банк» басшысы бағдарламаға өтініш берген 2,5 мың адамның көбінің деопазитінде пәтер құнының 30 пайызына жетпейтін ғана ақша жатқан көрінеді.
«Екіншіден, бағдарламаға қатысушының депозитінде тек 1 млн теңге болуы шарт еді. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтер құнының 20 пайызын салуға тиіс. Қазіргі жағдай бойынша 2,5 мыңнан астам өтініштің 39 пайызында 20 пайызды құрайтын жарна бар. Сондықтан келесі жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге етіп белгілеуді ұсынамыз. Бұл бағдарламаның жүзеге асуын тездетеді», – деді Ләззат Ибрагимова.