Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Отбасы банк 10 наурыздан бастап «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады.

Құжаттар 31 наурызға дейін онлайн түрде Baspana Market платформасы арқылы қабылданады.

Бағдарламаға банктің депозиті бар және шотында кемінде 2 млн теңге жинағы бар, соңғы 5 жылда өзінде де, отбасы мүшелерінде де тұрғын үйі болмаған салымшылар қатыса алады.

Несие шарттары:

  • Бастапқы жарна:
    – таза әрленген жаңа тұрғын үйге – 10%-дан;
    – әрленбеген немесе қайталама тұрғын үйге – 20%-дан.

  • Сыйақы мөлшерлемесі:
    – 7% (ЖТСМ 7,1%-дан) – әлеуметтік осал топтарға;
    – 9% (ЖТСМ 9,4%-дан) – басқа қатысушыларға.

  • Ең жоғары несие сомасы:
    – өңірлерде – 30 млн теңге;
    – Астана және Алматы қалаларында – 36 млн теңге.

  • Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарлама аясында ірі қалаларда тек жаңа тұрғын үйлерді, ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде бастапқы және қайталама нарықтағы пәтерлерді сатып алуға болады.

Ұқсас материалдар