Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Наурыз» ипотекасы: алғашқы үйге тиімді шартпен несие рәсімдеуге болады

«Наурыз» ипотекасы: алғашқы үйге тиімді шартпен несие рәсімдеуге болады

2025 жылғы 3 қарашадан бастап Қазақстанда «Наурыз» жаңа мемлекеттік жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ресми түрде іске қосылды.

Бағдарлама аясында қазақстандықтар алғашқы баспанасын небәрі 10% бастапқы жарнамен және жылдық 7%-дан басталатын мөлшерлемемен рәсімдей алады.

Өтінім қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін. Өтініштер тек онлайн форматта Baspana Market порталы арқылы қабылданады.

Кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға:

  • «Отбасы банкінің» салымшылары (депозитінде кемінде 2 млн теңге болуы керек);

  • Соңғы 5 жылда өзінде және отбасы мүшелерінде тұрғын үйі болмаған азаматтар;

  • 18 бен 63 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады.

Несиелеу шарттары қандай? 

  • Бастапқы жарна:

    • 10% – таза әрлеудегі жаңа пәтерлерге;

    • 20% – екінші нарықтағы немесе қарапайым әрлеудегі тұрғын үйге.

  • Пайыздық мөлшерлеме:

    • 7% (ЖТСМ – 7,1%) – әлеуметтік осал топтарға;

    • 9% (ЖТСМ – 9,4%) – өзге қатысушыларға.

  • Қарыз сомасы:

    • Аймақтарда – 30 млн теңгеге дейін;

    • Астана мен Алматыда – 36 млн теңгеге дейін.

  • Несие мерзімі: 19 жылға дейін.

Қай тұрғын үйге қолданылады?

  • Астана, Алматы және облыс орталықтарында – тек жаңа тұрғын үй (құрылыс компаниясынан);

  • Моноқалалар мен ауылдарда – жаңа да, екінші нарықтағы тұрғын үй сатып алуға болады.

Барлық тұрғын үй таңдау және өтінім беру рәсімі Baspana Market платформасы арқылы жүргізіледі.

Ұқсас материалдар