Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Наурызға арналған Digital Nauryz онлайн-платформасы іске қосылады

 Наурызға арналған Digital Nauryz онлайн-платформасы іске қосылады

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Digital Nauryz атты арнайы онлайн-платформаны іске қосады.

Бұл платформа ел бойынша өтетін мерекелік іс-шаралар туралы ақпаратты бір жерге жинайды.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланған. Осыған байланысты Digital Nauryz жобасы елдегі цифрлық трансформацияның маңызды символдарының бірі болмақ.

Платформа GOV.KZ мемлекеттік порталының базасында құрылып, 14–23 наурыз аралығында жұмыс істейді. Онда мерекелік іс-шаралардың анонстары, жаңалықтары және тікелей трансляциялары орналастырылады.

Сайтта Қазақстанның барлық өңірлері бойынша арнайы бөлімдер бар. Пайдаланушылар өз қаласы немесе облысы бойынша мерекелік бағдарламаларды қарап, онлайн көрсетілімдерді тамашалап, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдармен таныса алады.

Сонымен қатар платформа бірнеше тілде жұмыс істейді және жасанды интеллект негізіндегі аударма функциясымен жабдықталған. Бұл ақпараттың кең аудиторияға қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Жоба Наурызды мерекелеуді біртұтас цифрлық кеңістікке біріктіріп, ұлттық дәстүрлер мен заманауи технологияларды ұштастыруды көздейді.

Ұқсас материалдар