Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиев әлеуметтік желідегі парақшасында «Транстелеком» акционерлерінің қатарынан шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.
Ол компанияда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істегенін атап өтті. Оның мұндай шешім қабылдауына компанияның сатылуы себеп болған.
«Бүгін мен маңызды жаңалық айтқым келеді. «Транстелеком» АҚ-да 10 жылдан астам уақыт жұмыс істегеннен кейін мен компанияның сатылуына байланысты акционерлер қатарынан шығып, директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл жеке мен үшін де, компания үшін де маңызды кезең. 2013 жылы мен «Транстелекомды» басқарған кезде бұл компания теміржол саласына қызмет көрсететін шағын жергілікті байланыс операторы болды. Сол кезде алдымызда ауқымды міндеттер тұр: ТТК-ны заманауи, жоғары технологиялық компанияға айналдыру, инновацияларды енгізу және жаңа бағыттарды дамыту. Біздің ұжымның күш-жігері мен тұтынушыларымыздың қолдауының арқасында біз мұның бәріне қол жеткіздік», – деп жазды Нұрәлі Әлиев.
Транстелеком – байланыс қызметтері мен IT шешімдерін ұсынатын Қазақстандағы ірі байланыс операторларының бірі. Әлиев Unit Telecom компаниясы арқылы 75% акцияға ие болған, қалған 25% ҚТЖ-ға тиесілі.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025