Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Neo Nomad визасын 7 шетел азаматы алып үлгерді

 Neo Nomad визасын 7 шетел азаматы алып үлгерді

Neo Nomad Visa – қашықтан жұмыс істеп, Қазақстанда турист ретінде келетін шетел азаматтарына арналған.

Визаны бір жылға дейін ұзартуға болады.                

– Виза шетел азаматына елімізде болуға мүмкіндік береді, бірақ Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс істей алмайды. Шетел азаматтары қашықтан жұмыс істеп, Қазақстанда қонақ, турист бола алады. Қазақстанда болу мерзімі аяқталғаннан кейін шетел азаматы салық есебіне тұруы керек. Сонымен қатар, виза алғандарды қосарланған салықтан босататын халықаралық заңнама да бар. Себебі Қазақстанда ресми түрде жұмыс істемейді, олар туристер, – деді Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Сыртқы істер министрлігінде өткен Neo Nomad Visa, Digital Nomad Visa және B9 визаларын түсіндіруге арналған брифинг барысында.

Сондай-ақ, вице-министр әлемнің 20 елінде осы секілді виза түрі барын тілге тиек етті. 

– Neo Nomad визасы былтыр қарашада іске қосылды, бүгінде 7 шетел азаматы виза алды, – дейді Е.Еркінбаев.

Ұқсас материалдар