Өнеркәсіпті дамыту қоры берген 9,5 млрд теңге борыштың төлемі кешіктірілген

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы ірі инвестициялық жобаларға ұзақ мерзімді лизинг беріп, құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толықтыруға несие ұсынады.
2024 жылы осы мақсатқа берілген 9,5 млрд теңгенің төлемі кешіктірілген.
«Қор мен қаржыландырылатын тараптар арасында жасалған қаржы лизингі және қарыз шарттарының талаптарына сәйкес бұл ақпарат коммерциялық құпия және құпия ақпарат санатына жатады. Мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру тек екінші тараптың жазбаша келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми сұратуы негізінде ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, қордың лизингтік және несиелік портфелінің сапасы қабылдауға болатын деңгейде сақталып отыр. Бұл – ұйымның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуінің маңызды факторы. 2024 жылы қор портфеліндегі мерзімі өткен берешек (NPL) көрсеткіші небәрі 0,5% болды. Бұл активтерді басқарудың жоғары сапасы мен тұрақтылығын білдіреді», – деп жазылған мәліметте.
Қордың ресми сайтында қор портфелі 1,9 трлн теңге екені айтылған.