Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Netflix Sony фильмдерінің жаһандық құқықтарын сатып алды

Netflix Sony фильмдерінің жаһандық құқықтарын сатып алды

Америкалық Netflix корпорациясы Sony Pictures Entertainment (SPE) компаниясының толықметражды фильмдерін кинотеатрлардағы прокат аяқталғаннан және pay-per-view үлгісі бойынша көрсетілімнен кейін стримингте таратуға арналған эксклюзивті жаһандық құқықтарды сатып алды. Бұл туралы компаниялардың бірлескен хабарламасында айтылды.

Көпжылдық келісімді кезең-кезеңімен іске асыру биылдың соңына қарай басталады. Бұл жекелеген аумақтар бойынша құқықтардың біртіндеп қолжетімді болуына байланысты жүзеге асады. Netflix толық жаһандық қамтуды 2029 жылдың басында алады.

Еске сала кетейік, 2021 жылы Netflix Sony фильмдерін АҚШ-та, Германияда және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде көрсету құқықтарына ие болған.

Жаңа келісім аясында Netflix Sony кітапханасындағы бірқатар фильмдер мен сериалдарды да лицензиялайды. Олардың қатарында:

  • Анчартед: Картада белгіленбеген,
  • Өрмекші адам: Әлемдер торы,
  • Бәрі бізбен аяқталады
  • Сенен басқаның бәрі
  • Веном: Соңғы би бар.


Жаңа келісімнің нақты мерзімі мен құны ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, келісім 2032 жылды қоса алғанға дейін есептелген, ал оның жалпы құны шамамен 7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Ұқсас материалдар