![Нұрлан Ұранхаев қызметінен босады](/uploads/posts/1739537218_P_cFZt1fxBk0FaHtryyxzypJb-Gi0Bow/image/post7.jpeg)
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Еңбек жолын Семей қаласындағы «Казпромтехмонтаж» трестінде монтажник-слесарь болып бастаған ол одан кейін шебер, прораб болған. Үш жылдан соң «Зергер» өндірістік-қаржылық корпорациясының бас директоры қызметін атқарған. Ал кейінгі қызмет мансабына көз жүгіртсек,
2010-2013 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жылдары – Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. – ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
2015-2017 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы.
2017-2018 жылдары – Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019-2022 жылдары – Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
Ұранхаев Абай облысының әкімі болып 2022 жылдың маусымында тағайындалды.
Еске сала кетсек, 2023 жылы 8 маусымда Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватында алапат өрт шығып, салдарынан 15 адам қаза тапқан еді. 60 мың гектардан астам қарағайлы орман күлге айналып, Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.
Сол кезде президент Қ.Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялаған болатын.