Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев Forbes тізіміне енді

Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев Forbes тізіміне енді

Forbes басылымының жаңартылған әлемдік миллиардерлер рейтингінде алғаш рет қазақстандық кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев орын алды.

Astana Group негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың байлығы 1,3 млрд доллар деп бағаланып, ол тізімде 2858-орынға жайғасты.

Ал BI Group құрылыс холдингінің мажоритарлық акционері Айдын Рахымбаев 1,1 млрд доллар капиталмен 3185-орынды иеленді.

Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай миллиардерлер рейтингін екінші жыл қатарынан Илон Маск бастап тұр. Tesla және SpaceX иесінің байлығы 839 млрд доллар деп бағаланған.

Екінші және үшінші орындарға Ларри Пейдж пен Сергей Брин ие болды.

Ұқсас материалдар