Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Оқу жылы аяқталды: 3,9 млн-нан астам оқушы мектеп бітірді

Оқу жылы аяқталды: 3,9 млн-нан астам оқушы мектеп бітірді

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылының аяқталуы және осыған байланысты еліміз бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.

«Биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 391 мың, негізгі мектепті – 364 мың бала бітіреді. Мектеп бітірушілер саны – 217 мың. «Алтын белгіге» үміткерлер саны алдыңғы жылдардағыдай 5%-дан аспайды», – деді министр.

Оның айтуынша, оқу жылын «Білім – Отаным» бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» 23 немесе 24 мамырға жоспарланды.

Аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімі 18-20 маусымға белгіленді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 9 және 11 сынып түлектерінің қорытынды емтихандары 29 мамырдан 16 маусымға дейінгі аралықта өткізіледі. 

Ұқсас материалдар