Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстік Қазақстанда 38,9 млрд теңгеге 4,4 мыңға жуық нысан заңдастырылды

Оңтүстік Қазақстанда 38,9 млрд теңгеге 4,4 мыңға жуық нысан заңдастырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында 38,9 млрд теңгеге 4,4 мыңға жуық нысаны заңдастырылды. Бұл туралы ОҚО қаржы басқармасының басшысы Кеңесбек Мендебаев мәлімдеді, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша 2016 жылдың 1 мамырына дейін (заңдастыру шарасы 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталған болатын) аудан және қала әкімдіктері жанындағы комиссиялармен құны 511 млрд теңгені құрайтын 5551 өтініштер қабылданып, осы өтініштерден құны 38,9 млрд теңгені құрайтын 4440 нысан заңдастырылған.

Оның 3678-і тұрғын үйлер (құны 26,3 млрд. теңге) болса, 762 нысан (құны 12,6 млрд. теңге) коммерциялық және басқа нысандар болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктер бойынша құны 8 млн.теңгені құрайтын 13 нысан және 8 млрд.теңге ақша заңдастырылған.

Сондай-ақ, мүлікті жария ету Заңына өзгеріс енгізілгеннен сәттен бастап (13.11.2015ж.) заңдастырылған мүліктердің саны артқан. 2015 жылдың 1 желтоқсанына 24,5 млрд теңгеге жылжымайтын мүліктер заңдастырылған болса, соңғы бес айда 14,4 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылып, өсім 58.8%-ды құрады.

Похожие материалы