Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Онлайн-қарыздарға «шешім қабылдау кезеңі» енгізіледі

Онлайн-қарыздарға «шешім қабылдау кезеңі» енгізіледі

  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздарға жаңа тәртіп енгізілетінін хабарлады.

Негізгі мақсат – азаматтарға ойланып шешім қабылдауға уақыт беру, асығыс несие рәсімдеудің немесе алаяқтық әрекеттерге тап болудың алдын алу.

Бұл талап Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда қол қойған заңға сәйкес қабылданды.

Шешім қабылдау кезеңінің ұзақтығы:

  • 150-255 АЕК аралығындағы қарыздар (589 800-1 002 660 теңге) – кемінде 8 сағат;

  • 255 АЕК-тен жоғары қарыздар немесе 75 АЕК-тен жоғары микрокредиттер (294 900 теңгеден бастап) – кемінде 24 сағат.

Қаражат қарыз алушының келісімі алынғаннан кейін ғана аударылады. Егер ол шешімінен бас тартса, шарт жойылып, ақша берілмейді.

Ерекшеліктер:

  • Бұл талап тауарлық несиелерге, ішкі қайта қаржыландыруға және төлем картасындағы 150 АЕК-ке дейінгі лимиттерге қолданылмайды.

  • Бір күнде бірнеше кредит рәсімделген жағдайда банктер мен МҚҰ белгіленген кезеңді сақтауға міндетті.

Жаңа норма тек онлайн-қарыздарға қатысты. Егер қаражат жедел қажет болса, қарыз алушы банк немесе МҚҰ бөлімшесіне барып, әдеттегі тәртіппен несие рәсімдей алады.

Ұқсас материалдар