Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

OpenAI ChatGPT-ге медициналық және қаржылық кеңес беруге тыйым салды

OpenAI ChatGPT-ге медициналық және қаржылық кеңес беруге тыйым салды

OpenAI компаниясы өз өнімдерін пайдалану саясатына өзгерістер енгізді. Жаңартылған ережелерге сәйкес, ChatGPT енді медициналық, заңгерлік, қаржылық және басқа да мамандандырылған салаларда кеңес бере алмайды.

Компанияның мәлімдемесінде бұл шешімнің мақсаты – құралдарды қауіпсіз және жауапкершілікпен пайдалану, сондай-ақ пайдаланушылардың құқықтары мен деректерін қорғауды күшейту екені атап өтілді.

«Біз құралдарымыздың қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тырысамыз және олардың қолданылуын мұқият бақылаймыз», – делінген OpenAI хабарламасында.

Жаңа саясат бойынша тыйым білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй, қаржы және несие беру, сақта

ндыру, мемлекеттік қызметтер, көші-қон және ұлттық қауіпсіздік сияқты бағыттарға қатысты кеңестерге де қолданылады.

Сонымен қатар, OpenAI қызметтерін:

  • құмар ойындар мен ақшалай ұтыс тігуді қамтитын жобаларға пайдалану,

  • адамдардың бейнесін немесе дауысын келісімінсіз қолдану,

  • жеке ерекшеліктеріне қарап қылмыс жасау қаупін болжау,

  • қорқыту, жала жабу, аңду немесе зорлық-зомбылықты насихаттау мақсатында қолдану қатаң түрде тыйым салынады.

Компания кәмелетке толмағандарды қорғауға да ерекше назар аударып отыр. Балалардың сыртқы келбеті туралы пікір айтуға, дұрыс емес тамақтану әдеттерін насихаттауға және жас шектеуі бар мазмұнға қол жеткізуге мүмкіндік беруге болмайды.

OpenAI бұл шаралар жасанды интеллектті этикалық және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.

Ұқсас материалдар