
– Сәрсенбі күні OpenAI Илон Маскқа қарсы сотқа талап арыз беріп, федералды судьядан Масктың компанияға қарсы кез келген «болашақтағы заңсыз және әділетсіз әрекеттерін» тоқтатуды сұрады, – делінген хабарламада.
Бұған дейін, наурыз айында Associated Press агенттігі Масктың OpenAI-дың коммерциялық ұйымға айналуына қарсы талап арызы АҚШ-тағы федералды сотта кері қайтарылғанын хабарлаған.
Сондай-ақ Маск басқаратын инвесторлар консорциумы OpenAI компаниясын бақылайтын коммерциялық емес ұйымды сатып алу үшін 97,4 миллиард доллар ұсынған.
OpenAI – 2022 жылдың қараша айының соңында іске қосылғаннан кейін бір апта ішінде 1 миллион пайдаланушы жинаған ChatGPT чат-ботының авторы ретінде танымал. Компанияның негізін 2015 жылы қалағандардың бірі – Илон Маск. Алайда кейінірек ол OpenAI-мен байланысын үзген.
Айта кетейік, қазіргі уақытта OpenAI McDonald’s пен Chevron-нан да құнды болып тұр.