Мемлекет «Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеуді жалғастырады.
Банктің ресми мәліметінше, 2025 жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылар ең көбі 157 280 теңгеге дейін сыйлықақы ала алады.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекет салымшының бір жылда жинаған қаражатының 20 пайызын қосып береді. Бұл сома 2025 жылы 200 АЕК-тен, яғни 786 400 теңгеден аспайды.
Мемлекеттік сыйақы алу үшін депозитті 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін толықтыру қажет. Ал сыйлықақы алушылардың нақты саны жыл соңында белгілі болады.





