Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ельдің көмекшілері, соның ішінде оның штаб бастығы жаппай отставкаға кетті, деп хабарлайды Yonhap News агенттігі.
Отставкаға кеткендер қатарында президент штабының бастығы Чон Джин Сок; ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Син Вон Сик және саясат жөніндегі штаб бастығы Сон Тэ Юн, тағы жеті аға көмекші бар.
Шенділердің отставкаға кету туралы ұсынысы президент Юн Сок Ель сейсенбіде кешке әскери жағдай жариялап, оппозицияны импичмент және қысқартылған бюджеттік заң жобасы туралы ұсыныстары үшін елдің қызметін тоқтататын "мемлекетке қарсы күштер" деп айыптағаннан кейін түсті.
Кеше Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель төтенше әскери жағдай жариялады. Бұл шешім оппозициялық Демократиялық партия Парламентте қысқартылған бюджет туралы заң жобасын қолдап, мемлекеттік аудитор мен бас прокурорға импичмент жариялау туралы өтініш бергеннен кейін қабылданды.
Кейін ел президенті төтенше әскери жағдайды алып тастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери жағдайдағы әскер шығарылған, ал жақын арада Үкімет отырысы өтеді.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Дүниежүзілік банк 3,5 млрд доллар болатын 5 ірі жобаны жүзеге асыруда
- 04 желтоқсан, 2024
Биыл жер қойнауын пайдаланушылар 4,3 трлн теңге инвестиция құйды
- 03 желтоқсан, 2024