Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Павел Дуров Франция әуежайында ұсталды — француз телеарналары

Павел Дуров Франция әуежайында ұсталды — француз телеарналары

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және жетекшісі Павел Дуровты «Ле Бурже» әуежайында француз полициясы ұстады.


Ол ұшақтан түскен бойда Әуе көлігі жандармериясының жандармдары тұтқындаған. BFMTV арнасы, кейінірек TF1 де ақпаратты растады.

TF1-дің хабарлауынша, Дуров Telegram желісінде модерацияның болмауы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтың жоқтығы оны осы желіде орын алып жатқан заңсыз іс-әрекеттерге, соның ішінде есірткі тарату, балалар порнографиясы және алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздеуде болған. 

Француздық БАҚ-тың жазуынша, Дуров ресейлік азаматтығынан басқа, француз азаматтығына да ие. Олардың айтуынша, ол іздеуде екенін біліп, Францияға бармауға тырысқан. Алайда бұл жолы не үшін келгені белгісіз.

Бизнесменнің Әзербайжаннан ұшып келгені хабарланды.

Telegram Павел Дуровтың ұсталуына қатысты әзірше ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Бүгін оған терроризм айыбы да тағылуы мүмкін. Францияның сот полициясындағы журналистердің дереккөздерінің мәліметінше, Дуровқа 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Бүгін Ресей Мемлекеттік Думасының вице-спикері Владислав Даванков Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Павел Дуровты босатуға жәрдемдесу туралы өтінішпен хат жолдағаны белгілі болды. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Франциядағы дипломатиялық миссияның жағдайды түсіндіру үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Дуров бұған дейін ресейлік ВКонтакте әлеуметтік желісінің негізін қалаған, ал 2013 жылы Telegram-ды құрды. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі ең танымал төртінші мессенджер болып табылады. 2021 жылы Дуров француз азаматтығын алды, алайда соңғы уақытта кәсіпкер негізінен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрды. Оның компаниясының кеңсесі де сол жерде орналасқан.



Ұқсас материалдар