Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты

Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты

Telegram және «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашты.

Бұл туралы ол Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында мәлімдеді.

Жаңа зертхана Астана қаласындағы Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында жұмыс істейді. Зертхана Telegram компаниясы мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі іске қосқан суперкомпьютерлік кластердің бірлескен жобасы аясында құрылып отыр.

«Бір жыл бұрын біз Қазақстанда алғашқы аймақтық кеңсемізді аштық және оның нәтижесіне өте ризамыз. Бүгін біз Alem.ai ғимаратында Telegram-ның арнайы жасанды интеллект зертханасын ашып отырғанымызды қуана хабарлаймын. Бұл жоба миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпиялылықпен, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстандық суперкомпьютерлік кластер осы желіге негізгі есептеу қуатын жеткізушіге айналады деп сенеміз», – деді Павел Дуров форум барысында.

Айта кетейік, Alem.ai орталығы 2025 жылдың қаңтарында Digital Almaty 2025 форумында таныстырылған болатын. Бұл бастама Қазақстан Президентінің жолдауында көтерілген. Орталық жасанды интеллект саласындағы зерттеулер мен стартаптар үшін халықаралық платформа ретінде қызмет атқаруы тиіс.

Сол кезде орталықты таныстырған Жаслан Мадиев бүгінде ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып табылады. Бұған дейін ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған.

Ұқсас материалдар