Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Пентагон: Ирандағы соғысқа 29 млрд доллар жұмсалды

Пентагон: Ирандағы соғысқа 29 млрд доллар жұмсалды

Пентагон АҚШ-тың Ирандағы әскери операцияларға жұмсаған шығынын 29 млрд доллар деп бағалады. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жаңа есеп екі апта бұрынғы көрсеткіштен 4 млрд долларға жоғары. Қаржының негізгі бөлігі оқ-дәрі қорын толықтыруға және әскери техниканы жөндеуге жұмсалған.

АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет Конгресстегі тыңдауда Вашингтонның қару-жарақ қоры сарқылып бара жатыр деген пікірді жоққа шығарды. Оның айтуынша, Дональд Трамп әкімшілігі әскери өндірісті ұлғайту бағытында жұмыс істеп жатыр.

Алайда тыңдаулар барысында министрге, соның ішінде республикашыл саясаткерлер тарапынан да сын айтылған.

Сонымен қатар Конгресте соғыстың НАТО-мен қарым-қатынасқа әсері талқыланды. Еуропалық одақтас елдер АҚШ пен Израильдің Ормуз бұғазы аймағындағы операцияларына қатысудан бас тартқан.

Сарапшылардың пікірінше, бұғаз төңірегіндегі жағдай әлемдік мұнай мен газ бағасының өсуіне әсер етіп отыр.

Ұқсас материалдар