Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Pinduoduo, Temu, Aliexpress: Салық төлемеген маркетплейстер сайты бұғатталуы мүмкін

Pinduoduo, Temu, Aliexpress: Салық төлемеген маркетплейстер сайты бұғатталуы мүмкін

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Мәжіліс депутаттарының шетелдік мартетплейстерге қатысты сауалына жауап берді.

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді онлайн көрсететін шетелдік компаниялардан алынатын қосылған құн салығы 2022 жылдан бастап енгізілді.

Қазақстанда 105 шетел компаниясы тіркелген. Олардың қатарында Apple, Amazon, Alibaba, Aliexpress, Adobe, Ebay, Google, iHerb, Huawei, Meta, Netflix, Nintendo, Pinduoduo, TaoBao, TikTok, Temu, Samsung, Sony компаниялары бар.

«Жаңа Салық кодексінің жобасында шетелдік маркетплейстерге салық салуды реттейтін нормалар бар. Сонымен қатар қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда маркетплейстің сайтын бұғаттау көзделіп отыр», – делінген жауапта.  

Қаржы министрлігі шетелдік компаниялардан ҚҚС бойынша 83 млрд теңгеден астам түсімдер алған. Оның ішінде 2022 жылы – 10,4 млрд теңге, 2023 жылы – 24,3 млрд теңге, 2024 жылы – 35 млрд теңге, 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша – 13,3 млрд теңге.

Ұқсас материалдар