Пітір садақа – мұсылман үшін Рамазан айында берілетін уәжіп садақа. Ол оразаның кемшіліктерін толықтыру және мұқтаж жандарды қуанышқа бөлеу мақсатында беріледі.
- Пітір садақа мөлшері қалай есептеледі?
Қазақстанда пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасымен белгіленеді. Биылғы көрсеткіш – 735 теңге. Сонымен қатар, бай адамдарға құрма (12 400 теңге) немесе мейіз (6 400 теңге) құнымен беру ұсынылады.
- Кімдерге беру міндетті?
Ханафи мәзһабы бойынша, мал-мүлкі күміс нисабына (595 гр) жеткен мұсылман өзі және отбасы үшін пітір садақа береді. Байлығы жетпегендерге міндет емес, бірақ сауап үшін берсе болады.
- Кімдерге беріледі?
Құранда көрсетілгендей, пітір садақа жағдайы жоқтарға, міскіндерге, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүргендерге және жолда қалған жолаушыларға беріледі. Тікелей ата-анаға, балаға, әйеліне берілмейді.
- Қай уақытқа дейін беріледі?
Пітір садақаны Рамазан айы басталғаннан айт намазына дейін беру керек. Айт намазына дейін беру – мұстахаб.
- Не үшін беріледі?
Пітір – «дененің зекеті». Ол оразада кеткен қателіктерді толықтырады және кедейлерге айт мерекесінде қуаныш сыйлайды.
- Бірнеше адамға бөлуге бола ма?
Бір адамның пітір садақасы бір мұқтажға беріледі. Бірақ бірнеше адамның садақасын біріктіріп, бір отбасына беруге болады.
- Мешітке апару міндетті ме?
Жоқ. Пітір садақаны мешітке апаруға да, банк қосымшалары арқылы онлайн аударуға да болады.
- Мешіт ақшаны қалай үлестіреді?
Мешіт қызметкерлері пітір садақасын тізімдегі мұқтаждарға үлестіреді. ҚМДБ жанындағы комиссия қаражаттың дұрыс жұмсалуын қадағалайды.





