Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Пойыз қозғалысын енді онлайн бақылауға болады

Пойыз қозғалысын енді онлайн бақылауға болады

«Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушыларға пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін жаңа онлайн сервисті іске қосты.

Компания мәліметінше, енді жолаушылар вокзалға бармай тұрып-ақ пойыздың қай жерде келе жатқанын, станцияларға келу және жөнелу уақытын, сондай-ақ аялдамалардың ұзақтығын алдын ала тексере алады.

Жаңа сервис әсіресе жолаушылар ағыны көп кезеңдерде немесе басқа пойызға ауысып мінуді жоспарлаған азаматтар үшін уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Онлайн бақылау қызметін пайдалану үшін tablo-railways.kz сайтына кіріп, картадан қажетті пойызды таңдау жеткілікті. Сонымен қатар сервиске «Қазақстан темір жолының» ресми bilet.railways.kz сайты арқылы да өтуге болады. Ол үшін басты беттегі «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» баннерін басу қажет.

Компания жаңа жүйе жолаушыларға жол жүру процесін ыңғайлырақ жоспарлауға және вокзалда артық уақыт күтуді азайтуға көмектесетінін атап өтті.

Ұқсас материалдар