Қалалық Полиция департаменті бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, білім беру мекемелеріндегі жағдай тұрақты және толық бақылауда. Оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары мен жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Жалған ақпарат таратылуына байланысты жедел-іздестіру шаралары басталды. Құқық қорғау органдары фейк хабарламаның авторы мен бастапқы көзін анықтауда. Заң талаптарына сәйкес, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады.
Полиция азаматтарды сабыр сақтауға, тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.





