Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерін шоғырландыру нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ портфеліне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттің проблемалық қаржы құралдары өткізілді. Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердің жалпы сомасы 2014 жылдан бері 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Проблемалық эмитенттердің саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екі компания бойынша берешек толығымен өтелді (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсімінің аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жеті компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелді (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).
Эмитенттердің көпшілігі дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген.
2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттің дефолты тіркелді. Олар:
- «Имсталькон» АҚ;
- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).
2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешекті (зейнетақы активтерінің 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл эмитенттердің қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіреді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024