Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Прокуратура 82 млн теңгелік жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Прокуратура 82 млн теңгелік жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Ақмола облысы прокуратурасының қабылдаған шаралары нәтижесінде құны 82 млн теңгеге бағаланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекетке қайтарылды.

Ведомствоның мәліметінше, Сандықтау ауданы прокуратурасы жер комиссиясының жұмысына талдау жүргізу барысында заңбұзушылықтарды анықтаған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындылары үш кезеңде шығарылған. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, конкурс нәтижесі келесі күні бірден жариялануы тиіс.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде сот тәртібімен жеті жалдау шарты жарамсыз деп танылды. Соның нәтижесінде жалпы ауданы 1 400 гектарды құрайтын жер учаскелері мемлекет меншігіне өтті.

Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Ұқсас материалдар